AKAS футбол клубы 2018 жылдан бері Алматыда балалар футболын дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Клуб 3 жыл кәсіби лигаларға қатысып, 2024 маусымында Екінші лиганың чемпионы атанды және 2025 жылы Бірінші лигада өнер көрсетті. Қазір клуб даму векторы өзгергенін хабарлап, кәсіби команданың қызметін бір жылға тоқтататынын мәлімдеді. AKAS футбол орталығы қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. AKAS ARENA реконструкция кезеңінен өтеді, бірақ аренада өзге командалардың матчтары мен оқу-жаттығу процесі жалғасады. Клуб бапкерлер штабы мен ойыншылар алдындағы міндеттемелердің орындалғанын, бас бапкердің халықаралық тағылымдамаға аттанатынын және кейін кәсіби жарыстарға қайта оралуды жоспарлайтынын атап өтті.
Источник: https://www.instagram.com/p/DTuw-y-iKhg/